ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІНЕ «ҰЛТТЫҚ» МӘРТЕБЕ БЕРІЛДІ
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты. Шара қатысушыларын мерекемен құттықтаған Президент мәдениет пен өнерді дамыту мемлекетіміз үшін негізгі басымдықтың бірі саналатынын жеткізді. Сонымен қатар ұлт руханиятын жаңғырту ісіне қатысты нақты шаралар қолға алынып жатқанын жеткізді.