Оригинальный анимационный фильм от студий Disney и Pixar — «Элио» — вышел в казахстанский прокат 19 июня 2025 года. Премьерный показ в США прошёл ранее — 10 июня в культовом театре El Capitan в Лос-Анджелесе. Российские зрители, как и казахстанские, также увидели новинку в день мирового релиза.

Disney және Pixar студиялары ұсынған түпнұсқа анимациялық фильм — «Элио» — Қазақстанда 2025 жылғы 19 маусымда прокатқа шықты. Бұған дейінгі тұсаукесер көрсетілім 10 маусымда Лос-Анджелестегі әйгілі El Capitan театрында өтті. Қазақстандық көрермендер де ресейліктермен қатар фильмді дүниежүзілік премьера күні тамашалады.

Қазақстандағы тұсаукесер және дубляж

Disney және Pixar студияларының жаңа толықметражды фильмі «Элионың» қазақ және орыс тіліндегі нұсқаларының арнайы көрсетілімі 18 маусым күні Алматы қаласындағы Dostyk Plaza сауда орталығындағы Cinemax кинотеатрында өтті.

Кештің құрметті қонақтары қатарында қазақша дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаев және басты кейіпкерлерді дыбыстаған дубляж актерлері болды:

  • Санжар Мәдi — ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер және режиссер, фильмнің орысша нұсқасында Гюнтер Мельмакты дыбыстады;

  • Дина Тасбулатова — тележүргізуші және қоғам қайраткері, Наос елшісінің даусын салды;

  • Қуаныш Баймұхамбетов — орысша нұсқадағы Элионың дауысы;

  • Олжас Әлжанов — тележүргізуші және каскадер, Тегмен елшіні дыбыстады;

  • Нұрназар Саржан — фильмнің қазақша нұсқасында басты кейіпкер Элионы дыбыстады.

Тұсаукесерге сондай-ақ қазақстандық медиа саласының танымал тұлғалары қатысты:

комик Мадияр Нурманбетов пен Вероника Ким, олар халықаралық баспасөз туры аясында Сан-Францискодағы Pixar студиясында болған; TikTok жұлдызы Алина Ким (Хома) — «Ойжұмбақ 2» фильміндегі Қызғаныш кейіпкерінің дауысы; блогер Dalbek (Далер Макулбек), BandBoys шығармашылық тобы, Данияр Таипов, фотограф Асқар Бумага және басқа да танымал қонақтар.

elio2

Фильм не туралы?

Басты кейіпкер — 11 жастағы армандаушы бала Элио Солис, ол ғарыш туралы бәрін жақсы көреді. Күтпеген жерден ол әртүрлі өркениеттердің өкілдерінен құралған Коммуниверс атты ғаламаралық ұйымға тап болады. Жер бетінің көшбасшысы деп қателесіп, оны планетаның елшісі етіп тағайындайды. Элио енді бөтен ғаламшарлықтармен тіл табысып, галактикааралық дағдарысты еңсеріп, өз орнын тауып, кім екенін түсінуге тырысады.

Неліктен «Элионы» көру керек?

Сиквелдер мен спин-оффтар заманы жүріп тұрған шақта «Элио» — түпнұсқа және жүрекке жылы әсер қалдыратын оқиға. Бұл — есейген шақ, өзіңді қабылдау мен достық туралы жаңаша көзқараспен ұсынылған оқиға. Pixar-ға тән юмор, қиял мен ізгілікке толы мультфильм көрерменнің көңілінен шығары анық.

«Элио» — тіпті ең қарапайым баланың өзі Әлем тағдырына әсер ете алатынын көрсететін шабытты әрі әсерлі хикая. Pixar бұл жолы да терең мағынасы бар, эмоцияға толы фантастикалық әлемді сәтті ұсынды. Керемет анимация, есте қаларлық кейіпкерлер мен бай көркемдік шешім көрерменге шынайы ләззат сыйлайды. Бұл жай ғана мультфильм емес — өзіңді табуға, қиялыңа сенуге шабыт беретін оқиға.

Назира Бурханова

Фотограф Руслан Зиганшин

В Алматы состоялась премьера документального фильма «Путь к себе», созданного в партнёрстве с общественным  фондом  «Мама Про» и отделением  коучей ICF Kazakhstan. Режиссёр картины  — Абылайхан Толеухан.

30 мая 2025 года стал особенным для сотен мальчишек и девчонок Алматы — в этот день в школе №42 Ауэзовского района прошло яркое, по-настоящему душевное мероприятие, организованное социальным клубом «Шыңға өрлеу» в честь Международного дня защиты детей.

2025 жылғы 30 мамыр Алматы қаласының жүздеген баласы үшін ерекше күн болды — дәл осы күні Әуезов ауданының №42 мектебінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай шын жүректен ұйымдастырылған жарқын мереке өтті. Шараны әлеуметтік «Шыңға өрлеу» клубы ұйымдастырды.

В Алматы состоится восьмая ежегодная церемония одной из самых значимых культурных премий Казахстана — Freedom Ticketon Awards. В этом году мероприятие пройдет в новом формате: церемония награждения состоится 28 мая в 16:00 в онлайн-режиме. Прямая трансляция будет доступна по ссылке: https://clck.ru/3MCQYw.

Алматыда мәдениет пен өнер саласындағы еліміздегі ең танымал марапат — Freedom Ticketon Awards премиясының сегізінші мәрте марапаттау рәсімі өтеді. Биылғы іс-шара 28 мамыр күні сағат 16:00-де онлайн форматта ұйымдастырылады. Тікелей эфирге қосылу сілтемесі: https://clck.ru/3MCQYw

Вечером, наполненным музыкой, эмоциями и искренними переживаниями, завершился концерт талантливого пианиста и композитора Alex Solely в пространстве независимого театра ARTиШОК. Уникальное событие собрало полный зал — все билеты были распроданы задолго до даты выступления, а публика встретила артиста с восторгом и проводила его бурными овациями.

С глубоким уважением и искренней радостью ICF Kazakhstan презентует документальный фильм «Путь к себе» — совместный проект с фондом «Мама Про», приуроченный к 30-летию ICF Global и 5-летию отделения ICF в Казахстане.

21 мая в кинотеатре Chaplin Cinemas состоялась долгожданная мировая премьера фильма Disney «Лило и Стич» / «Лило мен Стич» на русском и казахском языках. Мероприятие собрало множество гостей — от профессионалов киноиндустрии до популярных блогеров и представителей культурной элиты Казахстана.