Материалдық емес мәдени мұраны қорғау Конвенциясының 20-жылдығына орай өткеннен қалған мұра мен бүгінгі өмір айшықтарына арналған фотокөрме
ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі материалдық емес мәдени мұраны қорғау Конвенциясының 20-жылдығына арналған арнайы фотокөрменің ашылатынын қуана хабарлайды. Бұл айтулы шара аясында атадан балаға аман жеткен әралуан материалдық емес бай мұра көпшілік назарына ұсынылмақ.