Алматыда Орталық Азияның Креативті индустрияларының халықаралық форумы өтіп Орталық Азия мен ТМД елдерінің жетекші сарапшыларын бір алаңға жинады
24 қараша мен 26 қараша аралығында Алматы қаласында «Сreative Central Asia 2023» форумы өтті, ол үш күнге созылды және бір алаңда Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдері, АҚШ және Англиядан креативті индустриялар саласында 100-ден астам отандық және халықаралық сарапшыларды жинады. Форум кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы ең жаңа тенденцияларға арналып, білім, тәжірибе және идеялармен алмасу үшін бірегей платформасын ұсынды.