Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай екінші жартыжылдықта 800-ден астам іс-шара өтеді
Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында "Қайырымды істер марафоны" жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ренат Бекбергенов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жүзеге асырылған және жоспарланған іс-шаралар туралы айтты.