Қазақстанда ғарышқа ұшу модельдері жасалып, туристер тартылатын болады
2022 жылғы 12 мамыр – Ташкентте 11 мамырда аяқталған "Space Technology Сonference Central Eurasia" шеңберінде "ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы, әйгілі қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышқа ұшу модельдерін зерттеу және ғылыми эксперименттер жүргізу үшін Орта Азияда алғашқы эксперименттік құрлық кешенін құру жоспарланғанын жариялады. Жобаның серіктесі Eurasian Space Ventures жеке ғарыш компаниясы және оның негізін қалаушы Еуразиялық банктің директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов болып табылады.