Алматыда білім беру ұйымдарын аттестаттаудан өткізу туралы айтылды
Алматы қаласы білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде осы оқу жылында бекітілген тізім бойынша меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдары аттестаттау рәсімінен өтіп жатқанын хабарлады.