Алматыда 5 ковидтік стационар өзінің негізгі профилі бойынша жұмысын жалғастырады
Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты 5 қалалық стационар өзінің негізгі профилі бойынша жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында айтты.