Ж. Бекшин: Алматы тұрғындары коронавирус індетін жеңу үшін вакцина алулары тиіс
Коронавирус індетін вакцина алу арқылы тоқтатуға болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты. Бүгінде мегаполисте 316 407 адам вакцина алды.