Алматының қай көшелері реконструкцияланады және күрделі жөнделеді
Биыл Думан шағын ауданындағы 30 шақырымнан астам жол күрделі жөндеуден өтеді. Қазіргі уақытта ұзындығы 15 шақырымнан асатын 21 көшеде жұмыстар аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов мәлімдеді.