Алматылықтар 30 маусымға дейін өз стартаптарын Smart City Accelerator-ға ұсына алады
“Astana Hub” Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп "Smart City" тұжырымдамасы бойынша қалалық қызметтердің жұмысына инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу мақсатында стартаптар үшін акселерация бағдарламасын іске қосты. "Astana Hub" АT-стартаптар халықаралық технопаркінің бизнес-бағдарламалар офисінің директоры Талғат Бакушев Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында цифрландыру жобасы туралы айтты.