Жаңа механизм сатушыны шағымға жауап беруге және құқықтарды сол жерде және сол уақытта қамтамасыз етуге міндеттейді" - Алматыда тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
Өткен жылдың жазында "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңға өзгерістер енгізілді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылуда. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Арман Ақсубаев айтып берді.