Алматылықтарды жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесіне шақырады
Алматы қаласының еңбек мобилділігі орталығы мен мансап орталығы жұмыссыз тұрғындарды 13 қыркүйек күні сағат 11.00-де Панфилов және Жібек жолы көшелерінің қиылысында өтетін бос орындар жәрмеңкесіне шақырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Сағындық Кенжебаев хабарлады.