2022 жылы алматылық тұтынушыларға 164 млн теңге қайтарылды
Алматыда өткен жылы тұтынушылар құқығын қорғау саласында барлығы 4139 өтініш түскен. Тұрғындар тарапынан түсетін өтініштер жыл өткен сайын көбейіп келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Бимырзаев айтты.