Алматыда «Даму» қоры 20 мыңнан астам бизнес-жобаға 2,2 трлн теңге бағыттады
Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры филиалының директоры Жандос Нұрғазинов жұмыс қорытындылары мен мегаполис кәсіпкерлері үшін жаңа қолдау шаралары жайында айтып өтті. Оның айтуынша, қызмет басталғаннан бері қор жалпы сомасы 2,2 трлн теңгеге 20,4 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетті, оның 85% - ы микро және шағын бизнеске тиесілі.