Алматы Орталық мешітінің наиб имамы мұсылмандардың вакциналарға қатысы туралы айтты
Алматыда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қаланың Орталық мешітінің наиб имамы Ержан Есім сөз сөйледі. Ол ислам тұрғысынан вакциналану туралы сұрақтарға жауап берді. Дін өкілінің айтуынша, бірде-бір дәстүрлі дінде вакциналануға тыйым салынбаған, керісінше, денсаулықты сақтауға деген ұмтылыстың қолдау табатынын атап өтті.