Алматыда қоғамдық орындарға баруға тырысқан «қызыл» мәртебесі бар 65 адамға айыппұл салынды
Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал ушығып, нашарлауда. Бұл вакциналанбаған және бұрын ауырмаған тұрғындардың коронавирус инфекциясының дельта штаммын жұқтыруына байланысты болуда. КВИ-дің одан әрі таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штаб отырысында ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.