«Қазақстан Мұғалімі» 2024 Ұлттық Сыйлығы 20 миллион теңгелік рекордтық жүлде қоры бар жаңа стандарт орнатады!
«Қазақстан Мұғалімі» 2024 Ұлттық Сыйлығына (National Teacher Prize Kazakhstan) қатысуға өтінімдерді қабылдау жақын арада аяқталады! Осы жылы Сыйлық 20 миллион теңгені құрайтын рекордтық жүлде қорын ұсына отырып жаңа деңгейге шығады. Бұл бірегей іс-шара мұғалімдердің көрнекті жетістіктерін атап өтуге, шығармашылық əлеуетін ынталандыруға жəне бүкіл Қазақстан бойынша оқытудағы жаңа құзыреттер мен мүмкіндіктер қалыптастыруға арналған.