Алматылық дәрігер қысқы уақытта жарақаттанудың алдын алу туралы айтты
Алматыда 6 көпсалалы қалалық емханада травматологиялық пункттер бар. Олардың әрқайсысында дәрігерлер тек сынық жарақатын алған кезде ғана емес, үсік шалу, көше және спорт жарақаты болса, жол-көлік оқиғасы салдарынан болған жарақаттар кезінде көмек көрсетуге дайын. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс травматологы Қанат Тезекбаев ӨКҚ-де өткен брифингте маусымаралық кезеңде және қыс мезгілінде жарақаттанудан қалай сақтану керектігі туралы айтты.