әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Невада-Семей» жастар ұйымының белсенділері немен айналысады
29 тамызда Семей ядролық полигоны жабылғанына 31 жыл толады. Кеңес заманында онда Қазақстан аумағының бүкіл шығыс бөлігінің радиациялық ластануына әкеп соққан жүздеген сынақтар өткізілді. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Невада-Семей» жастар ұйымының басшысы Гүлжанат Танабекованың қатысуымен брифинг өтті.