«Қытай өнерінің ой-мақсаттары – Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары» атты көрмесі
Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі Қытайдың Ұлттық өнер музейімен бірлесе отырып, Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығының қолдауымен, «Қытай өнерінің ой-мақсаттары – Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары» атты көрмесін ұсынады. Экспозицияға кескіндеме, графика және мүсіннің 50-ге жуық туындысы енген. Олар Қытай өнері шеберлерінің шығармашылық жетістіктерімен таныстырады.