ҚР Мемлекеттік академиялық би театры жаңа жылдық бағдарламамен Алматы көрерменіне Гала-концерт ұсынды
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры алматылықтар мен мәдени елорда қонақтарына классикалық балет шедеврлерінің сахналарынан құралған арнайы бағдарлама дайындады! Гала - концерт көрермендерді би өнерін тамашалап, мерекенің қайтадан сиқырлы атмосферасына бөленуге мүмкіндік берді. Кеш бағдарламасында классиктердің өшпес шығармалары шырқалды, ал балет труппасы ешкімді бей-жай қалдырмайтын жаңа жылдық нөмірлер дайындады.