Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінде 2025 жылдың 3 мамыр күні сағат 11:00 де, Ұлы Жеңістың 80-жылдығына орай  «Даңқы өшпес батырлар» мәдени іс-шарасы өтеді.

9 мамыр – Жеңіс  күні. Орталық музей жыл сайын екінші дүниежүзілік соғыста ерен ерлік көрсеткен батырларды ұлықтап, мерекені дәстүрлі түрде атап өтеді.ам

Майдангерлердің ерлік ісін  әрдайым жадымызда тұтып, еліміздің бейбіт өмірін, тыныштығы мен еркіндігін сақтаған жандарға алғыс білдіру – біз үшін парыз! Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Шараға Екінші дүниежүзілік соғыстың және ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, Ұлы Отан соғысы батырларының ұрпақтары Әлия Қошқарбаева, Жанар Нақыпова, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық, өңірлік және қалалық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, Алматы қаласының «Жастар ассамблеясы», этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының өкілдері қатысады.

Аталмыш  шараға , Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері, жалпы білім беру мектептерінің оқушылары шақырылды.