«ТҰРАН ТАУЛАРЫ» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі
2025 жылдың 10 қаңтар күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған «ТҰРАН ТАУЛАРЫ» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесінің ашылуы мен көрме каталогының тұсаукесер салтанаты өтеді. Көрмеде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей қылқалам шеберлерінің 80-нен астам туындылары ұсынылады.