Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналған «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесіп, 2026 жылы 19 наурыз күні сағат 10:00-де «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесін ашады.«ҮШ ҰРПАҚТЫҢ СӘУЛЕТІ» көрмесі көпшілік қауымға сәулетшілердің кеңестік кезеңдегі және қазіргі қазақстандық қоғамдағы жетістіктерін таныстыратын маңызды оқиғаға айнала отырып, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі сәулетшілердің кәсіби қауымдастығы өкілдерін біріктіру ісіне жаңа серпін береді деп күтілуде.