Жамбыл атындағы филармония: жеке орындаушылардың 90-шы концерттік маусымының ашылу концерті
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы жеке орындаушылардың 90-шы концерттік маусымының ашылу концертіне шақырады. Филармонияның концерттік жаңа маусымының ашылуына орай, 2025 жылдың 10 қыркүйек күні сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында концерт өтетінін хабарлаймыз! Кеште филармонияның жетекші солистері өнер көрсетіп, тыңдарманға ұмытылмас музыкалық әсер сыйлайтын болады. Арнайы бағдарламада тыңдарман назарына виртуозды музыканттардың орындауындағы әлемдік классика мен дәстүрлі музыканың жауһарлары ұсынылады.