Суретші ABTU ANET-тің «МЕНІҢ ҮЙІМ» атты жеке көрмесі
2025 жылғы 19 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі суретші ABTU ANET-тің «МЕНІҢ ҮЙІМ» атты жеке көрмесін ұсынады. Экспозиция табиғатты қорғау идеясын арқау еткен, пейзаж арқылы экологиялық үндеуге айналған кескіндемелік шығармалардан тұрады. 2023–2024 жылдары жазылған отызға жуық туынды Алматы облысының ең көркем әрі нәзік табиғи аймақтарын — Қайыңды мен Көлсай көлдерінен бастап, Шарын шатқалы мен Іле Алатауына дейін — бейнелейді.