Чоқан Уәлихановтың 190 жылдығына — ҚР Мемлекеттік орталық музейде көрме
2025 жылдың 30 сәуірі күні сағат 11. 00-де қазақтың біртуар ғалымы, энциклопедист Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Шоқаны бар ел –шоқтығы биік» көрмесі ашылады. Көрмеге ҚР Мемлекеттік орталық музейі мен Алматы облысы, Кербұлақ ауданындағы Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалдық музейі қорынан, сондай-ақ мұрағат қорынан алынған ұлы тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты экспонаттар қойылады.