Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрымен бірлесіп, 2025 жылдың 8 тамызы, сағат 11:00-де қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының  180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – халық ұлағаты» әдеби-сазды танымдық кешін өткізеді.

Кештің басты мақсаты – Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақты рухани-мәдени тәрбиеге, жастарды ұлттық руханиятқа баулу, ақынның өнегелі өмірі мен ой-толғамдарын көпшілікке кеңінен насихаттау.

Абай Құнанбаев – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ұлттық руханияттың шамшырағы. Оның мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына. Ақынның шығармашылығы адамгершілік, білім, еңбек, махаббат секілді мәңгілік құндылықтарды насихаттайды. 180 жылдық мерейтойды атап өту Абай мұрасын ұлықтау ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты тәрбиелеу мен ұлттық сананы күшейтуге бағытталады. Абайды тану – өзімізді тану, өткенімізге үңіліп, болашағымызды айқындау.

Шара аясында Сіздерді Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахналық қойылымдарын тамашалауға шақырамыз. Сонымен қатар орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткен Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған қалалық байқаудың жеңімпаздары ұсынған көрмені көре аласыздар. Көрмеде оқушылардың ұлы ақын шығармашылығына арналған суреттері мен қолданбалы өнер туындылары қойылады. Әрбір жұмыс — Абай әлеміне деген ерекше көзқарасты, терең құрмет пен шабытты бейнелейді.