Хасанов Үркеш Хусаинұлының «Жылдар жылуы» атты жеке ретроспективалық көрмесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылғы 3 қыркүйек6 сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, суретші Хасанов Үркеш Хусаинұлының «Жылдар жылуы» атты жеке ретроспективалық көрмесі ашылады. Көрме суретшінің әкесінің туғанына 100 жыл толуына, автордың 70 жылдық мерейтойына және қызы Хасанова Назугумның жарқын рухына арналады.