«Астана Балет» сахнасында «NON classica» бірегей шоу-бағдарламасы
16-маусымда «Астана Балет» сахнасында оркестр әртістерінің орындауында «NON classica» бірегей шоу-бағдарламасы өтеді. Бұл концертте джаз және заманауи композициялар өзіндік интерпретацияда орындалып, әлемге әйгілі композициялар тың сарында ұсынылмақшы. Сөйтіп, көрермен қауым сүйікті музыкасын белгісіз қырынан танитын болады.