Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының 89-шы маусымашар концерті өтті
Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы - 1935 жылы Дмитрий Мацуцинның басқаруымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы қабырғасында шағын хор болып құрылды. Ұжымның халық өнеріне аянбай қызмет етуінің арқасында 1939 жылы Қазақ КСР үкіметінің қаулысымен Мемлекеттік хор капелласы дәрежесі берілді.