Абай атындағы театр Ренат Салаватовты мерейтойымен құттықтады
2024 жыл еліміздегі ең алғашқы музыкалық театр үшін ерекше маңызға ие - Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрына 90 жыл. Биылғы жылды тек театр емес, әлемдік сахнада өзіне тән беделі бар театр дирижері Ренат Салаватұлы Салаватовтың 75-жылдық мерейтойымен де қарсы алды.