«Түркістан екі империяның билігі астында: отаршылдық және қуғын-сүргін» халықаралық көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінде 2024 жылы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі мен Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Мемлекеттік музейімен бірлесіп ұйымдастырған «Түркістан екі империяның билігі астында: отаршылдық және қуғын-сүргін» халықаралық көрмесі ашылды.