Атпен жүру. Қазақстан шахмат федерациясы ребрендинг жайлы және бүкілқазақстандық турнир туралы мәлімдеді
Қазақстан шахмат федерациясы ұйым тарихындағы жаңа бетбұрыс кезеңін белгілейтін ауқымды ребрендинг туралы мәлімдеді. Кешенді трансформация аясында ҚШФ жаңартылған фирмалық стилі мен стратегиялық тұжырымдамасын, сондай-ақ қазақ мәдениетінің бай мұрасына құрмет көрсететін жаңа логотипті ұсынды.