Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген ірі тұрмыстық техника дүкені толық жөндеуден өтіп, 2022 жылдың 31 тамызында қайта ашылды.
«Мерей» сауда үйіндегі Sulpak желілік дүкендерінің бірі өз жұмысын қайта бастағанын хабарлады. Сауда алаңының ауданы 2 мың шаршы метрден асады. Дүкен күніне 8000 келушілерге және 2000-нан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді. 140-тан астам жұмыс орны ашылды.