2 мыңнан астам спорт жарыстарының қатысушылары Almaty Mount Fest-2022 фестивалінде бас қосады
Almaty Mount Fest-2022 халықаралық фестиваліне қатысушыларды тіркеу аяқталды. Туриадаға, downhill, skyrunningжәне альпиниадаға қатысуға екі мыңнан астам адам өтініш білдірген. Қатысушылар қыркүйектің 3-і мен 4-і күндері тау жолдарын бағындыру бойынша жарысқа түседі. Ал 2 қыркүйекте фестивальдің ашылуы өтуде.