«Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС-нің барлық 87 қазандығы 2026-2027 жылғы жылыту маусымына дайын. Нысандарды алдағы қысқа 26 тамызда толық даярлап бітеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде кәсіпорынның бас инженерінің орынбасары Жақсылық Талдыбаев осылай деп мәлімдеді.
Компанияның қазандықтары Алматының жеті ауданында орналасқан. Оның тоғызы – ірі, 78-і – шағын қазандық. Олардың жалпы белгіленген жылу қуаты сағатына шамамен 1879,5 Гкал құрайды.
«Біздің қазандықтар Алматы тұрғындарының шамамен 35 пайызына жылу жеткізеді. Сондықтан әр нысанды қысқа сапалы дайындау біз үшін үлкен жауапкершілік әрі негізгі басымдықтың бірі», – деді Жақсылық Талдыбаев.
Кәсіпорын келер қысқа дайындықты алдыңғы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден бастамақ. 2025-2026 жылғы жылыту маусымы аяқталған соң мамандар жоспарлы жөндеу жұмысына кірісіп, ол жұмыс барлық 87 қазандықты қамтыды.
85 нысан жөнделіп, толықтай профилактикалық жұмыс жүргізілді. Тағы екі шағын қазандық жаңартып, негізгі және қосалқы жабдық толық ауысты.
«Жаз бойы мамандарымыз қазандық агрегатына, қосалқы, газ бен электр техникалық жабдықтарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізді. Құбыржолдарда, ысырма-реттеу арматурасында, автоматтандыру жүйесінде, бақылау-өлшеу аспабы мен химиялық су дайындау жабдықтарында қажетті жұмыс істелді. Жылыту кезеңіне қазандықтардың сенімді жұмысына әсер ететін барлық жабдық кешенді түрде дайындалды», – дейді спикер.
Негізгі жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес өтіп, кідіріссіз аяқталды. Жөндеу науқанының соңғы шаруалары 26 тамызда орындалды.
«Барлық негізгі жұмыс белгіленген мерзімде атқарылды. «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандығы жылыту маусымына 100 пайыз дайын. Барлық жабдық техникалық тұрғыдан жарамды және қысқы жүктемеге дайын», – деп толықтырды сөзін Жақсылық Талдыбаев.
Қазандықтың толық дайын болуының артында операторлар, слесарьлар, дәнекерлеушілер, электр мамандары, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласының мамандары, сондай-ақ инженерлік-техникалық қызметкерлердің еңбегі тұр. Дәл осы мамандар жылыту маусымы арасындағы кезеңде жабдықтарды жөндеп, тексеруден өткізді.
«Алайда біздің жұмысымыз мұнымен аяқталмайды. Қазандықтардың тұрақты, сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мен қалаға қажетті жылу энергиясының көлемін уақытылы жеткізу сияқты басты міндетіміз өзгермейді. Қазір жабдық толық дайын, білікті мамандар жеткілікті», – деп қорытындылады бас инженердің орынбасары.
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі