Алматыда биыл «Жасыл ел» командасына қосылуға 3 мың жас ниет білдірген
«Жасыл ел» республикалық бағдарламасының мегаполисте қалай жұмыс істейтіні Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорының төрайымы, Алматы қаласы әкімі жанындағы жастар кеңесінің мүшесі Бағдат Анарбаева және Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры директорының міндетін атқарушы Әзиз Қажденбек спикер ретінде қатысты.