Алматы дәрігерлері COVID-19-ға қарсы ревакциналануды және тұмауға қарсы екпе салдыруды ұсынады
Қалада COVID-19 ахуалының тұрақтанғанына қарамастан, ревакциналану бойынша ауқымды науқан басталады. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мен Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында осы мәселені кеңінен айтып берді.