Ресей Федерациясының бақылаушылары Алматының сайлау учаскелерінде ешқандай заң бұзушылықтарды тіркеген жоқ
Алматы қаласы бойынша ҚР Президентінің сайлауын жариялау жөніндегі баспасөз орталығының алаңында сайлау процесін бақылау мәселесі бойынша баспасөз конференциясы өтті. Спикер ретінде Свердлов облысы Заң шығару жиналысының өңірлік саясат және жергілікті басқаруды дамыту жөніндегі Комитетінің төрағасы Михаил Валерьевич Зубарев сөз сөйледі.