Түрксіб ауданында «Жас Қанат» шағын ауданындағы аулалар, Әуежай сквері, «Тіксай-Жарбұлақ» саябағы мен «Маяк» тоғайы абаттандырылады
Алматының Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала құрылысының үрдістері, ауданның алаңдары мен саябақтарына назар аудару, сондай-ақ спорт пен ойын алаңдарын орнату туралы айтты. Ол ағымдағы жылы «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында ауданда 37 жоба жүзеге асырылатынын айтты.