Алматыда Құрбан айтқа арналған құрбандық шалатын орындар белгілі болды
Биыл қасиетті Құрбан айт мейрамын мұсылмандар 6, 7 және 8 маусым күндері атап өтеді. Алматының жеті ауданында осыған орай үлкен мешіттерге жақын жерде құрбан шалатын 12 арнаулы орын ашылды. Қаланың бас имамы Төлеби Оспан мен Дін істері басқармасының бөлім басшысы Досхан Рахметілдаев Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде осылай деп хабарлады.