Қауіпті инфекциялар бойынша Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Мегаполисте тырысқақ, іш сүзегі, қызамық, дифтерия, сібір жарасы, қышыма сияқты жұқпалы аурулардың жағдайлары тіркелмеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы айтты.