Наурызбай ауданы сумен жабдықтайтын орталықты таныстырды
Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры аясында журналистерге Наурызбай ауданындағы маңызды инфрақұрылымдық жобаның бірі – Ақсай өзеніндегі су жинау құрылысы мен су дайындау станциясының құрылысын таныстырды. Онда аудан әкімі Нәзира Тоғызбаева жобаның қалай іске асып жатқанын журналистерге баяндап шықты.