Алматыда жастармен істеп жатқан жұмыстың нәтижесін баяндады
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асқан «Narcostop» жобасының қорытындысын таныстырды. Жобаның жетекшісі Нұржан Жақыповтың айтуынша, команда Қазақстандағы есірткі таратудың әдіс-амалына зерттеу жүргізіп көріп, салалық мекемелерге арнап сараптамалық материал мен ұсыныс даярлаған.