Hyundai Trans Kazakhstan экологиялық әсерді азайту үшін өндірісті жаңғыртып жатыр
Алматыда өнеркәсіптік кәсіпорындар экологиялық бақылауды күшейтіп, осы заманғы стандарттарға көшіп, ластайтын заттарды азайту мақсатында ең озық технологияларды енгізіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарланды.