Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бас жоспардағы өзгерісті таныстырды
Еліміздің ең үлкен қаласы әрі экономиканың жетекші драйвері саналатын Алматы Бас жоспарды түзетуге кірісті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов экологиялық қауіпсіздікке, тұрақты даму мен бірегей табиғи кеңістікті сақтауға бағытталған жаңартылған қала құрылысының тұжырымдамасын таныстырды.