Алматылықтарға зейнеткерлікке қай жастан бастап шығуға болатындығы туралы айтылды
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Президенті қыркүйек айындағы Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакетін түсіндіру бойынша брифинг өтті. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ризвангуль Дараева әйелдер зейнеткерлікке 61 жасында шығатынын хабарлады.