Алматының Алатау ауданындағы үйлердің 75% орталық сумен қамтамасыз етілген
Алматыда «Жаңа Алматыны» дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған Кешенді жоспарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті. Алатау ауданы әкімінің орынбасары Әділет Тоқтасыновтың мәліметінше, 2024 жылға қарай ауданда инженерлік желілер мәселесі толығымен шешілетін болады.